Функционалдық міндеттерге сәйкес, Департаменттің қызметінің негізгі бағыттарының бірі республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау болып табылады.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің келесідей функцияларды атқарады:
1) өз өкілеттіктері шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) мақсаты бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету:
- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
- мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақылар;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
- бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;
- жерлеуге арналған біржолғы төлемдер;
- Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін;
- банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек;
- марапатталған аналарға жәрдемақыны есептеу;
- «Көп балалы отбасына» жәрдемақы тағайындау;
- арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
3) төлемнің уақтылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру;
4) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
5) зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсініктеме;
6) сот істеріне қатысу.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, әлеуметтік төлемдерді алушыға Мемлекеттік корпорацияның уақтылы және толық аудару бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында профилактикалық бақылау мен тексеруді жүзеге асырады.