1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

Әлеуметтік Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 207-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 6 63 жасқа толғанда, әйелдерге 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанда.

5 және одан да көп бала туып (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғаннан кейін жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы бар.

Кодекстің 209-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ескеріледі. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе ондағы тиісті жазбалар болмаған кезде жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не сот шешімі негізінде белгіленеді. Бар болса: білімі туралы құжат; әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы; балалардың туу туралы куәліктері ұсынылады.

Назначение пенсионных выплат по возрасту
Дата публикации
11 июля 2025