Кодекстің 175-бабына сәйкес, мүгедектік бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мүгедектік белгіленген жағдайда, жәрдемақы тағайындауға өтініш берілген уақытқа дейін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылғанына қарамастан тағайындалады. Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.