7. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау

Кодекстің 183-бабына сәйкес мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалады. Мүгедектігі бар екі және одан да көп бала отбасында тұрған жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге туылған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.

Назначение пособия матери или отцу, усыновителю (удочерителю), опекуну (попечителю), воспитывающему ребенка-инвалида
Дата публикации
11 июля 2025