8. Баланың тууына және бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне жәрдемақы тағайындау

79-бапқа сәйкес туу жәрдемақысы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан да көп бала туылған кезде туу жәрдемақысы әр балаға тағайындалады және төленеді.  Тууға арналған жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау мерзімдері баланың туған күнінен бастап он сегіз айдан аспауға тиіс.  Тууға арналған жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде төленеді: бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан да көп балаға – 63,0 айлық есептік көрсеткіш. Күтім жөніндегі жәрдемақы: баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ол бір жарым жасқа толғаннан кейін; асырап алынған, сондай – ақ қамқорлыққа алынған балалары бар адамдарға (отбасыларға) - баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тағайындалады) немесе қорғаншылық белгіленген күннен бастап бір жарым жасқа толғаннан кейін; қандасам-баланың туған күнінен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен ерте емес.

Назначение пособий на рождение ребенка и по уходу за ребенком по достижении им возраста полутора лет
Дата публикации
11 июля 2025