9. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау

Кодекстің 242-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 35 еселенген мөлшерінде республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагері болған жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.  Егер жерлеуге біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен кейін үш жылдан кешіктірілмей жасалса, оның мөлшері алушы қайтыс болған кезде анықталады.

Назначение единовременной выплаты на погребение
Дата публикации
11 июля 2025