Кодекстің 93-бабына сәйкес, наградталған ананың жәрдемақысы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады. Наградталған ананың жәрдемақысы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде төленеді: "Күміс алқа" алқаларымен наградталған – 6,40 айлық есептік көрсеткіш; "Алтын алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған-7,40 айлық есептік көрсеткіш.