90-бапқа сәйкес, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар оның ішінде жалпы орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балалар олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) көп балалы отбасыларға жәрдемақы алуға құқылы Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, туған асырап алынған сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар өгей балалар ескеріледі
Ерлі-зайыптылар арасында Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата-аналарының бірімен бірге тұруы сот шешімімен расталады