Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексіне сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға жасына байланысты зейнетақы тағайындалады.
210-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде азаматтың орташа айлық табысының 60%-ы мөлшерінде тағайындалады.
Орташа айлық табыс 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кез келген қатарынан үш жылдағы табыс негізінде есептеледі.
211-бап. Зейнетақыны есептеу үшін табысты анықтау
3 жыл қатарынан алынған табыстың жалпы сомасы 36 айға бөлінеді.
Есептелетін табыс мөлшері бір жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – жұмыскердің табысынан 10%
Әлеуметтік аударымдар (ӘА) – жұмыс беруші есебінен, табыстан МЗЖ шегерілгеннен кейін 5%
Әлеуметтік салық (ӘС) – жұмыс беруші есебінен, табыстан МЗЖ және ӘА шегерілгеннен кейін 6%
Міндетті медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ) – жұмыскердің табысынан 2%
Міндетті медициналық сақтандыру аударымдары (МӘМСА) – жұмыс беруші есебінен, 3% (жоғары шегі – 25 000 теңге)
Жеке табыс салығы (ЖТС) – 10% (жалақы – МЗЖ – МӘМСЖ – 14 АЕК стандартты шегерім)
МЗЖ (10%) = 30 000 тг
МӘМСЖ (2%) = 6 000 тг
Қалған табыс: 300 000 – 30 000 – 6 000 = 264 000 тг
Стандартты шегерім (14 АЕК = 55 048 тг)264 000 – 55 048 = 208 952 тг
ЖТС (10%) = 20 895 тг
Қолға алатын таза жалақы:
300 000 – 30 000 – 6 000 – 20 895 = 243 105 тг
Табыс құжаттар (ЭСФ, келісімшарт және т.б.) негізінде есептеледі;
ЖК өзі табысты дұрыс әрі шынайы көрсетуі тиіс (мысалы, табыс 200 000 болса, 500 000 деп көрсетуге болмайды);
Есептеу базасы – ОПВ, ОПВР және СО үшін бірдей болу керек;
Табыс 1 АЕК-тен (2025 ж. – 85 000 тг) аз болса да, есептеу 1 АЕК-ке теңеледі.
910 нысаны 6 айда 1 рет тапсырылады:
1-жартыжылдық – 15 тамызға дейін
2-жартыжылдық – 15 ақпанға дейін
910 нысанында 3% салық (1,5% ЖТС + 1,5% ӘС) автоматты түрде есептеледі. Әлеуметтік салық – әлеуметтік аударымдарды шегеріп есептеледі.