- Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – Департаменттер) лауазымды тұлғалары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға (бұдан әрі - АӘҚ) лицензия беру кезінде мынадай НҚА-ны басшылыққа алады:
1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
2)"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтары:
- "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы;
- "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы";
- "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы";
- "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы";
- "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы";
- "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын бекіту туралы";
- "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы".
- Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алуға өтінішті әлеуметтік қызметтер порталы арқылы Комитетке береді. Сол күні өтініш аумақтық департаментке жіберіледі (бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы автоматты түрде бөлінеді).
- Департаментке өтініштің келіп түсуі, құжаттарды салыстыру Департаментке келіп түскен өтінішті бақылау бөлімінің мамандары не бөлім басшысы, не оны алмастыратын тұлға ұсынылған құжаттардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді аумақтық департамент құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен талап етілетін құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде аумақтық департамент сол күні құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуға байланысты лицензия беруден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды және оны Комитеттің қарауына жібереді. Комитет қызметкерлері күні бойы дәлелді бас тарту шешімінің жобасын келіседі, ол Комитет басшысына қол қоюға жіберіледі. Шешімге басқарма басшысы не маман, оның орынбасары және төрағаның орынбасары қол қояды. Осы шешімнің негізінде жауап қалыптастырылады, оған Комитет төрағасы (төрағаның м.а.) 1 жұмыс күні ішінде қол қояды.
- Құжаттардың толықтығы расталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына автоматты түрде хабарлама жіберіледі (КББ-ға) – "Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы хабарлама және сіз берген өтініш аясында 8 күн ішінде сіздің объектіңізге баратындығы туралы ақпарат". Көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Департамент 8 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды белгіленген біліктілік талаптарына салыстыру үшін объектінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға барады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер департамент қызметкерлеріне кездейсоқ жіберіледі, яғни Департамент мамандары қай мекемеге баратынын білмейді. Жүйенің өзі департамент қызметкерлеріне өтінімдерді таратады: маман таңертең сағат 9.00-де мобильді қосымшада қай объектіге бару керектігін және қай мекен-жайға бару керектігін көреді. Келуге 8 күн және Департаменттің шешімге қол қоюына 2 Күн (бас маман, бөлім бастығы, департамент директоры қол қояды).