
Алматы қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының аумақтық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілетін тиісті жартыжылдыққа арналған профилактикалық бақылау тізіміне енгізілген объектілерде жүргізіледі.
Әрбір жартыжылдықта мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріндегі деректер, алдыңғы тексерулердің нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтер және өзге де ақпарат көздері негізінде профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімі қалыптастырылады. Аталған тізім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нақты мерзімдері көрсетілген нұсқама беріледі. Бұл ретте бақылау субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Жоспардан тыс тексерулер Департамент тарапынан жеке және заңды тұлғалардың мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының нақты бұзылуы, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіру фактілері бойынша өтініштері негізінде жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, құқық бұзушылық субъектісіне анықталған бұзушылықтар мен оларды жою мерзімдері көрсетілген тиісті нұсқама беріледі. Сонымен қатар кінәлі тұлға әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Мемлекеттік бақылау бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізіледі және тексеру барысында осы тексеру парақтарында белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі.
2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялап, мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу және олардың қоғамда басқа азаматтармен тең құқықтарды пайдалануына қолайлы жағдайлар жасау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі – қолжетімді, кедергісіз ортаны қалыптастыру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктеріне бейімдеу, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру және инфрақұрылым объектілерін олардың қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Департамент кедергісіз ортаны қалыптастыру жөніндегі бақылауды инфрақұрылым объектілерінің бейімделуіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және тексерулер өткізу арқылы жүзеге асырады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Департамент тиісті нұсқамалар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне, цифрлық объектілерге, көлікке, ақпаратқа, мәдени-көріністік іс-шараларға, спорттық жарыстарға және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге құқығы бар.
Мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабында әкімшілік жауаптылық көзделген.
Атап айтқанда, әкімшілік айыппұл:
Мүгедектігі бар адамның оңалту әлеуетін және организмнің жоғалтқан функцияларын қалпына келтіру мүмкіндігін ескере отырып, ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қажетті қызметтер көрсетілетін оңалтудың және абилитацияның жеке бағдарламасы (ОАЖБ) әзірленеді.
Жергілікті атқарушы органдар ОАЖБ-ны іске асыруды қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе мемлекеттік сатып алу шеңберінде қамтамасыз етеді.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында оларға жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтері көрсетіледі.
ОАЖБ-ның уақтылы орындалуын Департамент мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер базасы мен Е-Собес ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ қаланың аудандарындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде профилактикалық бақылау жүргізу барысында бақылайды.
Оңалтудың ұсынылған құралдары мен қызметтерімен уақтылы қамтамасыз етпеу фактілері анықталған жағдайда Департамент анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды және бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесін қарайды.
Мүгедектігі бар адамдарды ОАЖБ-ға сәйкес әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген.
Алматы қаласының аумағында арнаулы әлеуметтік қызметтерді стационарлық, жартылай стационарлық, үй жағдайында және уақытша болу жағдайында мемлекеттік және жекеменшік нысандағы ұйымдар тиісті лицензия негізінде көрсетеді.
Осы саладағы мемлекеттік бақылау арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге профилактикалық бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда Департамент оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесін қарайды.
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 84-бабында әкімшілік жауаптылық көзделген.
Атап айтқанда, әкімшілік айыппұл: