
Департаменттің негізгі бағыттарының бірі – мүгедектік белгісі бар немесе жоқ екендігін анықтау, мүгедектік тобын, жалпы және/немесе кәсіби еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік және/немесе кәсіби оңалтудың әлеуметтік қажетті шараларын анықтап, жеке оңалту бағдарламасының тиісті бөлігін әзірлеу мақсатында медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу.
Медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) – бұл адамның тіршілік әрекетінің шектелуін тудыратын тұрақты функциялық бұзылулар негізінде, оның әлеуметтік қорғау шараларына мұқтаждығын заңда белгіленген тәртіппен айқындау.
Медико-әлеуметтік сараптама бөлімдері келесі функцияларды орындайды:
Адам ағзасы функцияларының тұрақты бұзылуына байланысты тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде азаматтарға медико-әлеуметтік сараптама жүргізеді;
Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және кәсіби оңалту шараларының түрлерін, нысандарын, мерзімдерін және көлемін анықтай отырып, жеке оңалту және абилитация бағдарламасын әзірлейді;
Мүгедектік (тобы, себебі, мерзімі) белгілейді;
Кәсіби еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесін (пайызбен) анықтайды;
Жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесін (пайызбен) анықтайды;
Өндірістік жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар салдарынан зардап шеккен адамдардың әлеуметтік және кәсіби оңалтуға мұқтаждығын анықтайды;
Медико-әлеуметтік сараптамадан өтетін азаматтарға осы сала бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Медициналық ұйымдардың базасында және үй жағдайында МӘС бөлімдерінің мамандарының көшпелі отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
Освидетельствование (қайта куәландыру) ВКК (Врачебно-консультациялық комиссия) тарапынан тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым жолдамасы негізінде жүргізіледі:
Аймақтық МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
Үй жағдайында.
МӘС сараптамасы бөлім басшысының немесе әдіснама және бақылау бөлімінің басшысының және кемінде екі жетекші маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі. Бұл – ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және өзге де деректер), куәландырылатын тұлғаны қарау, ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін, соның ішінде еңбек қабілеттілігін бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, куәландырылған тұлға немесе оның заңды өкілі оны алған күннен бастап үш ай ішінде e-Otinish арқылы немесе Алматы қаласы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне (мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 555, 10-кабинет) жүгінуге құқылы.
МӘС өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен» реттеледі.