Бөлім зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Негізгі қызмет бағыттары – зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау, өзгерту, қайта бастау және тағайындаудан бас тарту, сондай-ақ олардың уақтылы және толық төленуін бақылау.
Бөлім төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды тексереді, азаматтарға зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қатысады.
Бөлімнің құзыретіне азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және зейнетақы мен әлеуметтік қызметтерді ұсынуға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету кіреді.