Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
14 сәуір 2020 жыл Ақтөбе қаласы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік бақылауды және іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, департамент ережесін басшылыққа алады.
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
Бөлімде үш мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды, оның ішінде бөлім басшысы- З. С. Абдиева, бас маман- А. К. Мұхитов, жетекші маман- Б. А. Нағашыбаева.
Бөлім 4 сәуір 2016 жылы құрылды. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 20.02.2015 ж. бекітілген № 288-V "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын", Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін басшылыққа алады., "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"," Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"," Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен келісілген жарты жылдық кесте шеңберінде субъектілерге бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу тізіміне сәйкес жүзеге асырады.
Сонымен қатар, бөлім ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144- бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша бақылау субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Тексеру тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі,бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі. Тағайындау туралы Акт және профилактикалық бақылау Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеледі.
Бөлім Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 725 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулығында" мемлекеттік қызмет туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдардың талаптарын орындау бойынша міндеттеме және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"заңды сақтамағаны үшін дербес жауапкершілік көзделген.
2019 жылы ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы зыңының талаптарын сақталуына 58 тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 33- профилактикалық және 25- жоспардан тыс тексерулер. Тексерулер қортындысы бойынша заң бұзушылықты жою туралы 58 нұсқама берілді және 3 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып 252500 тенгеге айыппұл салынды.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінде (бұдан әрі – департамент) зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесімен 2 бөлім айналысады, бұл бөлімдерде штаттық кестеге сәйкес 6 адам қызмет жасайды.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері жұмысының негізгі мақсаты азаматтардың жасына байланысты, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты және өзге де әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамалық негіздер бойынша азаматтардың конституциялық кепілдіктері мен құқұықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің Қаулылары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрықтарын, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің және департамент басшысының бұйрықтарын және бөлімнің Ережесін басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер 2015 жылдың 28 сәуірінде бекітілген №279 әлеуметтік – еңбек саласындағы Стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі таңда азаматтарға Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерімен 12 мемлекеттік қызмет түрі көсетіледі.
Департамент арқылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау толық электронды форматта жүзеге асырылады, яғни қызмет көрсетуші мен қызмет алушы жүздеспейді. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық көрінісінің туындауына жол берілмейді.
Азаматтар мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы немесе Электронды Үкімет порталы арқылы да алуына мүмкіндіктері бар.
2019 жылдың 12 айында халыққа 87229 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (оның ішінде жаңа тағайындаулар 48882), яғни осыншама зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындалды немесе қайта қарастырылды, оның ішінде:
4398 - жасына байланысты жаңа зейнетақы төлемдері тағайындалды,
44484 – әр түрлі республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылар тағайындалды.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер облыс тұрғындарына әлеуметтік – еңбек саласындағы Стандарттарға сәйкес уақытылы және толығымен көрсетілді.
Жылма жыл, Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауына және де ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері уақытылы қайта есептелініп, алушылардың наразылығын тудырмай, белгіленген мерзімде төленуде.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және оданда көп балалары бар отбасыларға, жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілуіне байланысты, Ақтөбе облысының 14891 отбасына осы жаңа жәрдемақы уақытылы тайындалды және 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленуі қамтамасыз етілді.
Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылдың 1 – ші қаңтарына облыс бойынша зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді алушылардың жалпы саны 270594 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер 94285 адам.
Жоғарыда аталған зейнеткерлер мен әлеуметтік төлем алушыларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 7%, басқа әлеуметтік төлемдер ҚР «2020 – 2022 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес күн көріс деңгейінің және айлық есептегіш көрсеткіштерінің өсіміне сай Департаментпен бекітілді және де уақытылы төлемге қойылды.
2019 жылы бөлім мамандары областық, қалалық және аудандық газеттерге 29 мақала; «Қазақстан -Ақтөбе», «Рика-ТВ» телеарналарында зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамсыздандыру, әлеуметтік төлемдерді арттыру тәртібі, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі жөнінде 12 сұқбат берілді.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде 2019 жылы 12 айында 1623 адам жеке қабылдауда болды, оның ішінде жазбаша шағымданғандары 93 адам. Осы аталған адамдардың өтініштері Заңмен қарастырылған мерзімде қарастырылып, уақытылы және толық жауап берілді.
Бөлімдердің қызметін реттейтін құқықтық актілерді талдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде тосқауылдар жасауға ықпал ететін құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын айқын құқықтық олқылықтардың болуы анықталған жоқ.
Ұсынымдар: Бөлімдерге жұмысты сол режимде жалғастыру, сыбайлас жемқорлық факторларының болуына жол бермеу, анықталған жағдайда жою, жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу.