Әлеуметтік қызметтер порталы — әлеуметтік қызметтердің жекелеген түрлерін және техникалық оңалту құралдарын алуға құқығы бар адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктеріне сәйкес оларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.
Портал арқылы қандай қызметтерді алуға болады?
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мынадай қызметтерді және құралдарды таңдау және алу мүмкіндігі ұсынылады:
* техникалық оңалту құралдары;
* жеке көмекші қызметтері;
* ымдау тілі маманының қызметтері;
* санаторийлік-курорттық емделу;
* заңнамада көзделген басқа да әлеуметтік қызметтер.
Қызмет алушы не істей алады?
Порталда қызмет алушы:
*қолжетімді әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен таныса алады;
* қызмет көрсетушілер туралы ақпаратты қарай алады;
* ұсынылған нұсқаларды салыстыра алады;
* қызмет көрсетушіні және тиісті қызметті өз бетінше таңдай алады;
* тапсырысты рәсімдей алады;
* тапсырыстың мәртебесін бақылай алады;
* көрсетілген қызмет бойынша пікір қалдырып, оның сапасын бағалай алады.
Таңдау қалай жүзеге асырылады?
Қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын таңдау абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес және заңнамада көзделген құқықтар шегінде қызмет алушының өз бетінше таңдауы негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет алушы Порталда тіркелген қызмет көрсетушілердің арасынан өзінің қажеттіліктері мен қалауларын ескере отырып, қызмет көрсетушіні таңдауға құқылы.
Әлеуметтік қызметтер порталы қамтамасыз етеді:
* әлеуметтік қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігін;
* қызмет көрсетушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігін;
* қызметтерді алу процесінің ашықтығын;
* қызмет алушының жеке қажеттіліктерін ескеруді;
* тапсырысты қашықтан рәсімдеу және оның мәртебесін бақылау мүмкіндігін;
* көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Назар аударуларыңызды сұраймыз: қызмет көрсетушіні таңдау тікелей қызмет алушының өзімен жүзеге асырылады. Порталдың жұмысына немесе әлеуметтік қызметтерді алуға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, қызмет алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне алады немесе Порталда көзделген кері байланыс арналары арқылы өтініш бере алады.