2026 жылғы тамыз айына арналған қызмет көрсеткіштерінің орындалуы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің

2026 жылғы тамыз айына арналған

қызмет көрсеткіштерінің орындалуы.

 

Зейнетақы бөлімі бойынша:

 

2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Департамент халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

 

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 12068, оның ішінде:

 

4 853 – жаңадан тағайындалған зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер;

7215 – қайта қаралған төлемдер.

 

Төлем тағайындаудан бас тарту жағдайларының саны – 125.

 

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 80.
Проактивті форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1677

 

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бойынша:

 

«Мүгедектікті белгілеу және еңбек ету қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау, сондай-ақ әлеуметтік қорғау шараларын анықтау» мемлекеттік қызметі бойынша 1028 қызмет көрсетілді.

 

Оның ішінде:

21 адамға оңалту бағдарламасы әзірленді;

55 адамға түзету (қайта қарау) оңалту бағдарламасы әзірленді.

 

Сырттай проактивті куәландырудан 533 адам өтті, бұл жалпы көрсеткіштің 51,8 % -ын құрайды.

 

Бақылау бөлімі бойынша:

 

4 жоспарлы тексеру жоспарланып, өткізілді, олардың нәтижелері бойынша 52 бұзышылық анықталды;

Жеке бағдарламалардың әлеуметтік бөлігінің іске асырылу үлесіне мониторинг жүргізу – 77% орындалды;

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 0 лицензия берілді.

 

Дата публикации
02 сентября 2026