2026 жылғы шілде айына арналған қызмет көрсеткіштерінің орындалуы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің

2026 жылғы шілде айына арналған

қызмет көрсеткіштерінің орындалуы.

 

Зейнетақы бөлімі бойынша:

 

2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Департамент халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

 

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 8 772, оның ішінде:

 

5 523 – жаңадан тағайындалған зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер;

3 249 – қайта қаралған төлемдер.

 

Төлем тағайындаудан бас тарту жағдайларының саны – 127.

 

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 50.
Проактивті форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 666.

 

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бойынша:

 

«Мүгедектікті белгілеу және еңбек ету қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау, сондай-ақ әлеуметтік қорғау шараларын анықтау» мемлекеттік қызметі бойынша 1106 қызмет көрсетілді.

 

Оның ішінде:

 

21 адамға оңалту бағдарламасы әзірленді;

66 адамға түзету (қайта қарау) оңалту бағдарламасы әзірленді.

 

Сырттай проактивті куәландырудан 529 адам өтті, бұл жалпы көрсеткіштің

47,8 % -ын құрайды.

 

Бақылау бөлімі бойынша:

Жоспарланып, 4 профилактикалық тексеру жүргізілді, олардың барысында 70 бұзушылық анықталды;

Жеке бағдарламалардың әлеуметтік бөлігінің іске асырылу үлесіне мониторинг жүргізу – 72,8% орындалды;

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 0 лицензия берілді.

Дата публикации
05 августа 2026