Мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады: - әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау; - өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедектігі бар адамдар жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады. Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің бизнес-процесінің, сондай-ақ мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтердің өзгеруі жүргізілуде. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігін қоспағанда, ақпараттандырылған келісімімен белсенді форматта өтінішсіз 8 мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.
МӘС — азаматтың денсаулық жағдайын, ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін кешенді бағалау жүргізілетін рәсім. Сараптама нәтижелері бойынша мүгедектіктің болуы, оның тобы мен мерзімі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік айқындалады.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
МӘС-ке жолдаманы қажетті диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары жүргізілгеннен кейін және тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соғатын ағза функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайда медициналық ұйым рәсімдейді.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
Жалпы тәртіп бойынша медициналық ұйым азаматты уақытша еңбекке жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған күннен бастап 4 айдан ерте емес мерзімде МӘС-ке жібереді. Жекелеген санаттар үшін ерекшеліктер көзделген.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
Жоқ. Аурудың болуының өзі мүгедектікті автоматты түрде белгілеуге негіз болып табылмайды. МӘС жүргізу кезінде ағза функцияларының бұзылуының тұрақтылығы және тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі бағаланады.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
18 жастан асқан адамдарға ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты I, II немесе III топтағы мүгедектік белгіленуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
Денсаулық жағдайы мен бұзылулардың сипатына байланысты мүгедектік белгілі бір мерзімге, ал жекелеген жағдайларда — белгілі бір жасқа толғанға дейін белгіленуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
Иә. Заңнамада көзделген жағдайларда МӘС азаматтың үйінде, медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдап жатқан кезінде, сондай-ақ жекелеген жағдайларда сырттай жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
Иә, заңнамада МӘС-ті сырттай жүргізу көзделген. Оның ішінде тиісті негіздер мен қажетті деректер болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті түрде көрсету шеңберінде жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
МӘС нәтижелері бойынша мүгедектік, оның себебі, тобы мен мерзімі, жалпы немесе кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі, сондай-ақ қажетті әлеуметтік қорғау шаралары мен оңалту жөніндегі ұсынымдар айқындалуы мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
Мүгедектік белгіленгеннен кейін оны растайтын анықтаманы мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта алуға болады. Қызмет тегін көрсетіледі.