Меню

Страницы

Статья

📌 АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫНДА КІМ АСЫРАУЫНДАҒЫ АДАМ БОЛЫП САНАЛАДЫ?

 Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне беріледі. Асырауындағы адам деп қайтыс болған асыраушының толық асырауында болған немесе одан күнкөрісінің тұрақты әрі негізгі көзі болып табылатын көмек алған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшесі танылады. Мұндай адамдарға мыналар жатады: - 18 жасқа дейінгі балалар (оның ішінде асырап алынған балалар, өгей ұлдар мен өгей қыздар), аға-інілері, апа-сіңлілері және немерелері, сондай-ақ мүгедектігі 18 жасқа толғанға дейін белгіленген, осы жастан асқан адамдар. Аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері үшін еңбекке қабілетті ата-аналарының болмауы, ал өгей ұлдар мен өгей қыздар үшін алимент алмауы ескеріледі; - зейнет жасына жеткен ата-аналары (оның ішінде асырап алушылары) және жұбайы; - жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның 8 жасқа толмаған балаларына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне немесе немерелеріне күтім жасайтын ата-анасының бірі, жұбайы, атасы, әжесі, ағасы, інісі, апасы немесе сіңлісі; - өздерін асырауға міндетті адамдары жоқ зейнет жасына жеткен атасы мен әжесі. Балаларға және 8 жасқа толмаған балаларға күтім жасайтын адамға жәрдемақы асырауында болған-болмағанына қарамастан тағайындалады. Күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдарға төлем оқу аяқталғанға дейін, бірақ 23 жастан аспайтын мерзімге тағайындалады. Осылайша, асырауындағы адам мәртебесі туыстық қатынасқа ғана емес, қайтыс болған адамның материалдық көмегіне тәуелді болуына және еңбекке қабілетсіздігіне де байланысты айқындалады.

Дата публикации
15 октября 2026
Дата обновления
15 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы