Қолжетімді автотұрақпен қамтамасыз ету — кедергісіз ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Автотұрақ орындарын жабдықтау кезінде қолжетімділік талаптарын ескеру, жолаушылардың көлікке ыңғайлы отыруы мен түсуіне жағдай жасау, тиісті таңбалар мен жол белгілерін орнату, сондай-ақ автотұрақтан ғимараттың кіреберісіне дейін қауіпсіз әрі қолжетімді бағытты қамтамасыз ету қажет.
Қолжетімді автотұрақты ұйымдастырудың негізгі талаптары осы жадынамада көрсетілген.