Меню

Страницы

Статья

Өтініш беруден бастап төлемге дейін: зейнетақы қалай тағайындалады?

Өтініш беруден бастап төлемге дейін: зейнетақы қалай тағайындалады?
1.Өтініш беру (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын)
Сіз зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын өтініш бере аласыз (2026 жылы бұл жас ерлер үшін – 63, әйелдер үшін – 61 жас):
Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеке барып.
Онлайн: eGov.kz порталы арқылы (электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ қажет).
Маңызды: Өтініш берген кезде төлемдерді алу үшін жеке банктік шотыңыздың нөмірін (IBAN) көрсетуіңіз қажет.
2.Тіркеу және құжаттарды тексеру (1 күн)
Өтініш берілген күн деп оның ресми түрде тіркелген күні саналады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деректердің басым бөлігін мемлекеттік ақпараттық жүйелер (АХАТ, жеке тұлғалардың дерекқорлары, сондай-ақ Жоғарғы Сот пен Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйелері) арқылы автоматты түрде сұратады.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін есептеу үшін қағаз жеткізгіштегі еңбек кітапшасын тексеруге ерекше назар аударылады.
3.Қарау және шешім қабылдау (10 жұмыс күніне дейін)
Құжаттарды қараудың стандартты мерзімі – 10 жұмыс күні. Дегенмен, процесс барысында мынадай жағдайлар туындауы мүмкін:
Мерзімді 5 күнге ұзарту: Егер құжаттардың түпнұсқалығын қосымша тексеру немесе дерекқорлармен салыстырып тексеру қажет болса.
Құжаттарды сұрату (30 күнге дейін): Егер мемлекеттік органдарда еңбек өтілі немесе табысқа қатысты сұрақтар туындаса, зейнетақы ісін қарау уақытша тоқтатылады және болашақ зейнеткерге қосымша мұрағаттық анықтамаларды немесе құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарланады. Оларды ұсынуға 25–30 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі.
4.Зейнетақы тағайындау туралы хабарлама
Уәкілетті орган оң шешім қабылдағаннан кейін, сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама немесе eGov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.
Ескертпе: Осы SMS-хабарламаны алғаннан кейін, зейнетақы куәлігін алу үшін құжаттарыңызды тапсырған Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) кез келген уақытта бара аласыз.
5.Алғашқы төлем
Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады (бірақ тұлғаның зейнеткерлік жасқа толған күнінен ерте емес).

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы