Меню

Страницы

Статья

53 жасқа толған әйелдердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы

53 жасқа толған әйелдердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы

Қазақстанда 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа толғанға дейін тәрбиелеген әйелдер үшін Әлеуметтік Кодекс сәйкес 53 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы бар.
Жасына байланысты зейнетақы мөлшері қатарынан жұмыс істеген 3 жылдағы еңбек өтілі мен орташа айлық табысына байланысты.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапша, мұрағаттық мекемелерінің аңықтамалары).
2) білім туралы құжат,
3) балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттарға мыналар жатады:
1) балалардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) балалардың неке туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
3) балалардың оқу орнында оқитын туралы құжат;
4) балалардың қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама (азаматтық хал актілерін жазу органы берген қайтыс болу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
5) әскери билет;
6) баланы (балаларды) тәрбиелеу, асырап алу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
09 октября 2026
Дата обновления
09 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы