Арнайы әлеуметтік төлем зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жумысшыларға 55 жасқа толғанда және кемінде 84 ай кәсіптік жұмыс өтілі болған кезде тағайындалады.
Арнаулы әлеуметтік төлем төрт көзден турады
1.Мемлекеттік жәрдемақы
Республикалық бюджеттен төленеді. Оның мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс деңгейін (ЕКД) құрайды.
2.Жұмыс берушіден төленетін төлем
Адам зиянды жағдайларда жұмыс істеген кәсіпорын есебінен төленеді. Мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс деңгейін (ЕКД) құрайды.
3.Сақтандыру төлемі
Сақтандыру компаниясы тарапынан тағайындалады. Мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс деңгейін (ЕКД) құрайды.
4.БЖЗҚ-дан төленетін төлемі
Жинақталған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жүзеге асырылады. Мөлшері әр азамат үшін оның жинақталған сомасына байланысты жеке есептеледі.
2026 жылғы төлем мөлшерлері
1.Мемлекеттік жәрдемақы (2 ЕКД): 101 702 теңге (республикалық бюджеттен төленеді).
2.Жұмыс берушіден төленетін төлем (1 ЕКД): 50 851 теңге.
3.Сақтандыру төлемі (1 ЕКД): 50 851 теңге (сақтандыру компаниясынан).
4.БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемі: әр азамат үшін жеке есептеледі (шотыңыздағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жинақталған сомасына байланысты).
Арнаулы әлеуметтік төлем төрт көзден құралады:
Мемлекеттік жәрдемақы
Республикалық бюджеттен төленеді. Оның мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс деңгейін (ЕКД) құрайды.
Жұмыс берушіден төленетін төлем
Қалай ресімдеу керек
Жұмыс берушіге зиянды факторлары жоқ басқа жұмысқа ауысу туралы немесе еңбек шартын бұзу туралы өтініш беру.
Жұмыс беруші мәліметтерді бергеннен кейін, 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламаға жауап беру арқылы төлемді проактивті түрде тағайындауға келісімді растау. ХҚКО-ға (ЦОН) барудың қажеті жоқ.