Меню

Страницы

Статья

Портал арқылы электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі — aleumet.egov.kz

Портал арқылы электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі — aleumet.egov.kz:

1. Порталда авторизациядан өткеннен кейін, басты беттегі көрсетілетін қызметті алушының профилінде «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қабылдауға жазылу» бөліміне өту қажет.

2. Бұдан әрі жазылу терезесі ашылады. ЖСН енгізу жолына пациенттің ЖСН-ін енгізіп, «Күндерді алу» батырмасын басу қажет.

3. Пациенттің тіркелген мекенжайы мен өңіріне сәйкес жүйе медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті бөлімшесін және оның мекенжайын автоматты түрде көрсетеді. Бұдан әрі пайдаланушыға қабылдауға келу күні мен уақытының қолжетімді нұсқалары ұсынылады. Пациент ұсынылған нұсқалардың ішінен өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдай алады. Таңдағаннан кейін «Жазылу» батырмасын басып, ЭЦҚ кілті арқылы қол қою қажет.

4. Құрылған барлық жазбаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жазылу тарихынан көруге болады.

Электрондық кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметті алуға жазылған күнге үш күнтізбелік күн қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алуға жазылудан бас тартуы Порталдағы «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады. Жазылудан бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама жіберіледі.

Бір № 031/у нысаны бойынша бірнеше жазбаның қалыптасуына жол бермеу мақсатында МӘС-ке электрондық кезекке қайта жазылу Порталдағы алдыңғы жазбадан бас тартқаннан кейін ғана мүмкін болады.

Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан астам уақытқа кешіккен жағдайда, электрондық кезектегі жазбасы жойылады.

Дата публикации
05 октября 2026
Дата обновления
05 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы