Қазақстан Республикасында балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғау
Отбасы – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Мемлекет балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, әртүрлі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді қарастырады.
Негізгі қолдау шаралары:
▪️ бала тууына байланысты жәрдемақы – біржолғы төлем;
▪️ бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы;
▪️ көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы – бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға;
▪️ «Алтын алқа», «Күміс алқа» және тиісті наградалармен наградталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы.
2026 жылғы негізгі төлемдердің мөлшері
Бала туған кезде:
▪️ 1-ші, 2-ші, 3-ші балаға – 164 350 теңге;
▪️ 4-ші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы:
▪️ 4 балаға – 69 330 теңге;
▪️ 5 балаға – 86 673 теңге;
▪️ 6 балаға – 104 017 теңге;
▪️ 7 балаға – 121 360 теңге;
▪️ 8 және одан да көп балаға – әр балаға 17 300 теңге.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
Бұл ретте 18 жастан асқан, күндізгі оқу нысанында білім алатын бала оқуын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін отбасы құрамында есепке алынуы мүмкін.
Қайда жүгінуге болады?
Жекелеген жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алу үшін өтінішті:
▪️ eGov порталы арқылы;
▪️ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
▪️ заңнамада көзделген жағдайларда проактивті қызмет арқылы беруге болады.
Әлеуметтік қорғаудың негізгі мақсаты – ана мен баланы және бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау.