Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы оған құқық туындаған күннен бастап тағайындалады (асыраушы қайтыс болған күннен немесе оны хабарсыз кеткен не қайтыс болды деп тану туралы сот шешімінде шығарылған күннен бастап).
Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берген күнге дейінгі 12 айдан аспайтын кезең үшін төленеді.
Өтінішті қарау мерзімі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттардың толық топтамасы тіркелген күннен бастап немесе проактивті қызмет көрсетуге келісім берілген күннен бастап 7 жұмыс күнінен аспайды.
Өтінішті:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
egov.kz порталы арқылы;
проактивті қызмет көрсету арқылы (жекелеген жағдайларда өтініш беру талап етілмейді) беруге болады.
Жәрдемақы алушы еңбекке қабілетсіз болып есептелетін бүкіл кезеңге тағайындалады.
Жәрдемақы алуға құқық туындағаннан кейін кез келген уақытта жүгінуге болады.