Жүріп-тұруы шектеулі халық топтарына (ЖТШХ) арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар қауіпсіз, ыңғайлы және өз бетінше пайдалануға қолжетімді болуы тиіс.
Қолжетімді санитариялық торапты жабдықтау кезінде:
🔹 кресло-арбамен бұрылуға жеткілікті кеңістік;
🔹 кедергісіз және ыңғайлы кіреберіс;
🔹 унитаз және қолжуғыш жанындағы тұтқалар;
🔹 кресло-арбамен қолжуғышқа жақындауға арналған бос кеңістік;
🔹 айна мен жабдықтардың қолжетімді биіктікте орналасуы;
🔹 шақыру түймесі және қосымша қажетті элементтер қарастырылуы қажет.