ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ
Қашан жүргізіледі?
Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нақты негіздер болған кезде жүргізіледі.
Тексеру жүргізуге негіздер
-жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
-ықтимал құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
-заңнама талаптарының бұзылғанын растайтын жеткілікті негіздер мен дәлелдемелердің болуы;
-бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылуын және Департаменттің нұсқамаларының орындалуын тексеру қажеттілігі.
Білу маңызды
Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер прокуратура органдарында Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес, жоспардан тыс тексеру заңда көзделген негіздер мен оларды растайтын дәлелдемелер болған кезде жүргізіледі.
Департаменттің өкілеттіктері
Департамент бақылау функцияларын тек өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.