Меню

Страницы

Статья

МӘС ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА СЫРТТАЙ (ҚАШЫҚТАН) ЖҮРГІЗІЛУІ МҮМКІН?

📌 МӘС ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА СЫРТТАЙ (ҚАШЫҚТАН) ЖҮРГІЗІЛУІ МҮМКІН?

📌 Сырттай (қашықтан) куәландыру

Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) азаматтың жеке қатысуынсыз, ДКК-ның №031/у нысанындағы қорытындысы негізінде, мынадай жағдайларда сырттай (қашықтан) жүргізілуі мүмкін:

• азамат денсаулық жағдайына байланысты тасымалдауға келмейтін болса;
• қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық ем қабылдап жатқан болса.

Мұндай жағдайларда шешім медициналық ұйым ұсынған медициналық және өзге де құжаттардың негізінде, куәландырылатын адамның немесе оның заңды өкілінің келісімімен қабылданады.

Сырттай (қашықтан) куәландыру (қайта куәландыру) кезінде №031/у нысаны куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша медициналық ұйыммен рәсімделеді.

📌 Маңызды!

Мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі сырттай (қашықтан) бір рет, бір жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.

Дата публикации
02 сентября 2026
Дата обновления
02 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы