Егер алынған техникалық оңалту құралы жарамсыз, ақаулы немесе мәлімделген талаптарға сәйкес келмесе не істеу керек?
Сіз өзіңіздің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғауға құқылысыз.
Мыналарды тексеріңіз:
* сыртқы түрін және зақымдарының бар-жоғын;
* жинақталуын;
* жарамдылығын;
* тапсырыс берілген тауарға сәйкестігін;
* тапсырыс кезінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкестігін;
* ТООҚ-ты мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін.
2. Анықталған кемшілікті тіркеп алыңыз
Ақаудың, жарамсыздықтың немесе сәйкессіздіктің фотосуретін түсіріңіз немесе бейнежазба жасаңыз. ТООҚ-ты алғаныңызды растайтын құжаттарды және тапсырыс туралы мәліметтерді сақтап қойыңыз.
3. Жеткізушіге жүгініңіз
ТООҚ-қа тапсырыс берген жеткізушіге анықталған кемшілік туралы хабарлап, оны белгіленген тәртіппен жоюды талап етіңіз.
4. Мәселе шешілмесе — Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шағым беріңіз
Порталдың жұмыс істеу мәселелері жөніндегі комиссия шағымды қарайды және бұзушылық расталған жағдайда жеткізушіге анықталған бұзушылықтарды 14 күнтізбелік күн ішінде жою туралы хабарлама жібереді.
Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда Комиссия жеткізушіге қатысты тиісті шешім қабылдайды, оның ішінде оны Әлеуметтік қызметтер порталынан алып тастау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Маңызды!
Егер техникалық оңалту құралында кемшіліктер болса, мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмесе немесе оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермесе, мәселені назардан тыс қалдырмаңыз.
Алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді және техникалық оңалту құралымен тиісінше қамтамасыз етуді талап етуге құқығы бар.
Қарапайым алгоритмді есте сақтаңыз:
Тексеру → кемшілікті тіркеу → жеткізушіге жүгіну → кемшілікті жоюды талап ету → қажет болған жағдайда Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шағым беру.
Сіздің құқығыңыз — белгіленген талаптарға және жеке қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін сапалы техникалық оңалту құралын алу.