Меню

Страницы

Статья

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету;

3) жеке оңалту бағдарламасымен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

         Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша Департамент бақылау субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартпай, нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама береді.

            Жоспардан тыс тексерістер сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары және бұзушылықтарды жою мерзімдері келген жағдайда нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылау бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізіледі және тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге жатады.

           

Әкімшілік жауапкершілік

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес лауазымды тұлғаларға  - 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК мөлшерінде айыппұл әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 84 бабына сәйкес лауазымды тұлғаларға - 20 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК,  орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 60 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Дата публикации
04 февраля 2020
Дата обновления
01 сентября 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы