Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен 2023 жылы 54 объектіге профилактикалық бақылау жоспарланған (1 жартыжылдық – 33, 2 жартыжылдық – 21), орындалуы 100%-ды құрады.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 87 тексеріс жүргізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау – 50, жоспардан тыс бақылау тексерісі – 37, оның ішінде 2-уі прокуратура талабы бойынша.
Тексеріс нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 51 нұсқама, 6 қорытынды, жоспардан тыс бақылау тексерістерінің нәтижесі бойынша акт – 28.
Жыл басынан бері анықталған бұзушылықтар саны – 207, оның ішінде қолжетімділік бойынша – 137, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету – 70, мүгедектігі бар адамдарды оңалту және оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша оңалту шараларын жүзеге асыру – 30.
8 268 340 теңге сомасына 19 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 7 493 020 теңге өндіріп алынды.