"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне сәйкес, мүгедектіктің кез келген тобына жататын азаматтар және мүгедек баланың ата-анасының бірі келесі жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлемейді:
- Қылмыстық істе азаматтық талап қою.
- Сот талқылауы.
- Нотариалдық іс-әрекеттер жасау.
- Азаматтық хал актілерін тіркеу.
- Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.
- Автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру.
- Көлік салығы.
- Жер салығы.
Мүгедектікті растайтын құжатты көрсеткен кезде ғана салықтан босатуға болады.