Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық тәртіпті тәртіпке келтіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығын және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Әлемдік өркениетте мемлекеттік сектор қоғам өмірінде басты орынға қойылады. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің негізгі функционалдық және мәртебелік мәні бар. Имидж мемлекеттің басқару қызметінің тиімділігін бағалаудың өлшемі, халықтың сенім деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту бағыттары басым болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуында нақты жетістіктерге қол жеткізді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және біздің мемлекет үшін бірінші орында тұрған басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі басты рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшінің абыройы - жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным. Әрбір адам мемлекеттік қызметте өз жұмысының маңыздылығын сезінуі тиіс және патриот болуы керек. Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру жөніндегі негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінде белгіленген: "мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік пен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды". Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру-қиын және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен мінез-құлық қағидалары барлығына белгілі. Оның беделі - мемлекеттік билік беделінің бір бөлігі. Нақты мемлекеттік қызметшінің жұмысына және барлық билік тармақтарының мемлекеттік органдары басшыларының жалпы жұмысына қарай халық жалпы мемлекеттік билікке баға береді. Осыған орай мемлекеттік қызметшілерге қандай жоғары жауапкершілік жүктелгенін айтуға болады. Мемлекеттік қызметші болу - жоғары мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіпқойлықпен қатар адамгершілік қасиеттерге ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер халық алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге тиіс. Мемлекеттік қызметші билікті және өз өкілеттіктерін дұрыс пайдалануы тиіс және адал болуы керек. Мемлекеттік қызметте ол өзіне емес, мемлекеттік игілікке жұмыс істеуі тиіс, өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы тиіс. Мемлекеттік қызметші өмір салтын Заңның талаптарына толық сәйкес жүргізуі тиіс. Кез келген жағдайда мемлекеттік қызметші халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпай, кез келген лауазымда жұмыс істеуі тиіс. Қазақстандық мемлекеттік қызметші адалдықтың, қарапайымдылықтың үлгісі болуы керек, қоғамда өзін ұстай білуі, ұжымды басқара білуі тиіс, бірақ қарамағындағылардан орындауды талап ете білумен қатар, бағыну қабілеті, өзі орындау қабілеті болуы тиіс. Мемлекет мүдделерінің бұзылуы немесе сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған жағдайда осындай фактілердің дереу жолын кесу және қажетті шаралар қабылдау қажет.