Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар адамдарға жадынама

Мүгедектігі бар адамдарға жадынама

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. 

Мүгедектердің құқығы бар:

әлеуметтік қорғауға, оның ішінде оңалтуға, қоғаммен етене араласуына;

әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

білім беру, қызмет түрін, оның ішінде еңбек қызметін еркін таңдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен,  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі; 

кәсіптік даярлау және қайта даярлау, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналастыру;

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй; 

мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету салаларында бірінші кезекте қызмет көрсету;

мүгедектердің шығармашылық қабілеттерін қолдау. 

Мүгедектерге әлеуметтік көмек түрлері:

мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар және өзге де төлемдер түріндегі төлемдер;

жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша төлемдері;

жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша түрлері;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларына, сондай-ақ бала кезінен 1-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Дата публикации
26 мая 2020
Дата обновления
26 мая 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Еңбек өтілі дегеніміз не?
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы