2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысында зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны 306 429 адамды құрайды.
2025 жылдың 12 айында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі барлығы 92 966 шешім қабылдады, оның ішінде жаңа тағайындаулар бойынша – 47 882 шешім, қайта қаралған істер бойынша – 45 084 шешім.
Тағайындаудан 74 іс бойынша бас тартылды, оның ішінде жаңа тағайындау бойынша – 59, қайта қаралған істер бойынша – 15.
Сонымен қатар еңбек өтілі мен жалақыны растау бойынша басқа мемлекеттерден келіп түскен 10 089 сұрау орындалды.
2025 жылы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен e-Otinish барлық өтініштерді қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы түскен 1 135 өтінішке жауап берілді.
545 азаматқа жеке қабылдау жүргізілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын талдау мақсатында ZOOM платформасы арқылы оқыту семинар-кеңестері өткізіледі. Бұл семинарларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының барлық мамандары, оның ішінде ХҚКО қызметкерлері мен әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің мамандары қатысады.