2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес Департаментпен профилактикалық сипаттағы 37 тексеру жүргізілді, оның ішінде 20 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 10 стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, 7 білім беру мекемесі, 3 мемлекеттік мекеме, 1 ауылдық округ әкімдігі, 1 санаторий тексерілді. Қорытындысы бойынша 153 бұзушылық анықталды, бұзушылықтарды жою туралы 24 ұйғарым берілді.
Профилактикалық бақылау жекелеген бұзушылықтардың болуына қарамастан, жалпы әлеуметтік қорғау мекемелері тұрақты жұмыс істейтінін көрсетті. Анықталған кемшіліктер тиісті басқару және ұйымдастырушылық тәсіл жағдайында жойылады.
Профилактикалық бақылаудан басқа Департамент жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша да, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындау қорытындылары бойынша да жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
Мәселен, 2025 жылы объектінің қолжетімділігі саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке тұлғадан бір өтініш келіп түсті. Департамент тексеру жүргізді, оның барысында бұзушылықтар анықталмады.
Сонымен қатар, Департамент 4 субъектіге (объектілерге) қатысты халықтың аз қамтылған азаматтары үшін қолжетімділік мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқамаларды орындамау фактісі бойынша жоспардан тыс 4 тексеру жүргізді. Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1454,8 мың теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.