2021 жылдың 3 тоқсанына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне 2021 жылдың 3 тоқсанында 196 өтініш келіп түсті, солардың ішінде жеке тұлғалардан – 191, заңды тұлғалардан – 5. Өтінішпен – 109 азамат жүгінді, шағыммен – 14, өзге өтініштер – 73. Өтініштерді қарастыру мерзімдерін бұзу байқалмады. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолданған тілде қайтарылып отырды.