Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Ақмола олысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Ақмола олысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

р/р

Ұсыныс

іс-шаралардың атауы

аяқтау нысаны

Жауапты

орындау үшін

Мерзімдері

орындау

1.      

Цифрлық жүйеде құжаттардың қолданылу мерзімдерін және қызмет алушының тіркелген жері туралы мәліметтерді автоматты түрде тексеруді, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі жалғастыруды автоматты түрде бұғаттау мүмкіндігін қарастыру туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне ұсыныс енгізу.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне ұсыныс жолдау

Хат

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі

2026ж

15 қазан

2.      

Сырттай-проактивті куәландыру форматты қолдануды кезең-кезеңімен кеңейту және оны мүмкіндігінше барынша көлемде пайдалану мүмкіндігін қарастыру туралы, оның ішінде азаматтың жеке қатысуынсыз сараптама жүргізуге объективті мүмкіндік беретін барлық нозологиялық нысандарды осы форматқа ауыстыру жөнінде Халықты Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне ұсыныс енгізу.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және жетілдіру департаментіне хат жолдау

Хат

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі

2026 жылғы

15 қазан

3.      

№ 031/у нысанын ресімдейтін және оған қол қоятын медицина қызметкерлерінің ұсынылатын медициналық мәліметтердің дұрыстығы, толықтығы және объективтілігі үшін өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастыру туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізу.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолдау

Хат

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі

2026 жылғы

15 қазан

4.      

Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне мынадай ұсыныстар енгізу:

1) «МОДҚ» АЦЖ-да «Цифрлық отбасы картасы» ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы мүдделер қақтығысының ықтимал жағдайларын автоматты түрде анықтау тетігін көздеу;

 2) анықталған сәйкестік туралы басшыны не уәкілетті тұлғаны автоматты түрде хабардар етуді көздеу;

3) медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлері мен олардың жақын туыстарын куәландырудан өткізу үшін басқа өңірлердің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне жіберу мүмкіндігін қарастыру.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне хат жолдау

Хат

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі

2026 жылғы

15 қазан.

5.      

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне хат жолдау. Анықталған бұзушылықтардың сипаты мен дәрежесін ескере отырып, оларды жою туралы нұсқама берген кезде нақты мерзімдерді немесе оларды айқындау критерийлерін белгілеу бөлігінде ұсыныс енгізу.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне хат жолдау

Хат

Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі

2026 жылғы

31 қазан

6.      

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 208-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына оқу кезеңіне қатысты нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін қарау туралы ұсыныс жолдау, атап айтқанда, «мектептерде» деген сөздерден кейін «орта білім беру ұйымдарын қоспағанда» деген сөздермен толықтыру.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне тиісті хат жолдау

Хат

 

зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

2026 жылғы 31 қазан

 

Дата публикации
28 сентября 2026