Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) лицензиялау енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.

Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және ол: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға; көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге; АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады.

Лицензия алудың негізгі шарттары: санитарлық нормалар мен Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың жүріп туруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.

2024 жылдың қазан айынан бастап ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.

Лицензия алуға өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.

Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді

Документы
Қорытынды
17 сентября 2026
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘҚ субъектілерін лицензиялауға қатысты қызметінің көрсеткіштері
Жоспар
28 августа 2026
Департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Ереже
26 августа 2026
Департаменттің ережесі
Новости
Полезные материалы
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (АӘҚ) көрсетуге лицензия алу үшін не қажет?

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге беріледі.

Лицензия алу үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келу және қызметтерді көрсету үшін тиісті жағдайлардың болуы қажет.

Негізгі талаптар

  1. Ғимарат немесе үй-жай

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың меншік құқығында не жалдау шарты негізінде болуы қажет.

Үй-жайдың болуы жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтермен не жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен алынған ғимаратты (үй-жайды) жалдау шартымен расталады.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік

Объектінің заңнама талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы қажет.

  1. Өрт қауіпсіздігі

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы қажет.

Қолданыстағы объектілер бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексеру не профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі немесе аудит ұсынылады.

  1. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету

Объект мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс, оның ішінде:

-кіреберіс топтарына;

-қозғалыс жолдарына;

-қызмет көрсету аймақтарына;

-санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға;

-ақпарат және телекоммуникация құралдарына;

-мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орындарына қолжетімділік қамтамасыз етілуі қажет.

  1. Тамақтану объектісі

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың тұруы ұйымдастырылған немесе қызмет алушылар объектіде 4 сағаттан астам болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де талаптарға сәйкес тамақтану объектісінің болуы қажет.

  1. Материалдық-техникалық база

Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы қажет:

-әлеуметтік-тұрмыстық;

-әлеуметтік-медициналық;

-әлеуметтік-педагогикалық;

-әлеуметтік-еңбек;

-әлеуметтік-мәдени;

-әлеуметтік-психологиялық қызметтер.

Материалдық-техникалық база арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

  1. Қызметкерлер штаты

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларында белгіленген штаттық нормативтерге сәйкес қызметкерлер штатының болуы қажет.

Қызметкерлер атқаратын лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес тиісті білімі мен біліктілігіне ие болуы тиіс.

  1. Жатын бөлмелер

Қызмет алушылардың тұруын көздейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген жағдайда, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандарттарына сәйкес келетін жатын бөлмелердің болуы қажет.

Өтінішті қарау және талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия субъектілерге 3 жыл мерзімге беріледі.

Назар аударыңыз! Талаптардың нақты тізбесі ұйымның түріне, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету нысанына және қызмет алушылардың санатына байланысты болады.

Қолданыстағы талаптарды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы редакцияларын ескере отырып тексеру қажет.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы