
Мүгедектік топты, мүгедектіктің себебін, мүгедектіктің пайда болу мерзімін белгілеу. Жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін, пайда болу мерзімін және айрылу себебін белгілеу. Еңбек міндеттерін орындау кезінде зақымдану немесе денсаулыққа келтірілген басқа да зиян нәтижесінде қосымша көмек түрлерін және күтімнің қажеттілігін айқындау. Мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер базасында (МОДБ) уақытылы және сапалы қалыптастыру;
Мемлекеттік қызметті күндізгі форматта алу кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі Әлеуметтік қызметтер порталы — aleumet.egov.kz арқылы жүзеге асырылады:
1.Порталға авторизациядан өткеннен кейін, қызмет алушының профиліндегі басты беттен «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қабылдауға жазылу» бөліміне өту қажет.
2.Одан кейін жазылу терезесі ашылады, ЖСН енгізу өрісіне пациенттің ЖСН-і енгізіледі. «Даталарды алу» батырмасын басу қажет.
3.Пациенттің тіркелген мекенжайы мен өңіріне сәйкес жүйе Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті бөлімшесін және оның мекенжайын автоматты түрде көрсетеді.
Пайдаланушыға келу күні мен уақытының қолжетімді нұсқалары ұсынылады. Пациент ұсынылған уақыттардың ішінен өзіне ыңғайлысын таңдай алады. Таңдау жасалғаннан кейін «Жазылу» батырмасын басып, ЭЦҚ кілті арқылы қол қою қажет.
4.Жасалған барлық жазбаларды Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жазылу тарихы бөлімінен көруге болады.
Электрондық кезекте тұрған қызмет алушыларға қызмет көрсету күніне үш күн қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі.
Білу маңызды! Қызмет алушы жазылуды порталдағы «жеке кабинет» арқылы өзі жоя алады. Жазылу жойылған жағдайда қызмет алушыға SMS-хабарлама жіберіледі.
№ 031/у нысаны бойынша бір қызметке бірнеше рет жазылудың алдын алу мақсатында, Медициналық-әлеуметтік сараптамаға электрондық кезекке қайта жазылу порталдағы алдыңғы жазба жойылғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Қызмет алушы белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, электрондық кезектегі жазба автоматты түрде жойылады.
«Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі — МӘС) жүргізуге негіздеме организм функцияларының тұрақты бұзылуы кезінде алғашқы куәландыру мақсатымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жіберген жолдама болып табылады». (0/31 У нысаны)
Мүгедектікті белгілеу үшін МӘС-ке жолдау мәселесін емдеуші дәрігер және тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлік-консультациялық төрағасы шешеді. Көрсетілімдер болған кезде әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.
Жоқ. Диагноздың өзі мүгедектікті белгілеуге сөзсіз негіз болып табылмайды. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде организм функцияларының тұрақты бұзылыстары және олардың салдарынан туындаған тіршілік әрекетінің шектелуі бағаланады. Шешім бұзылыстардың айқындылық дәрежесі және белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі ескеріле отырып қабылданады.