GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Статистикалық көрсеткіштер
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
22 октября 2026
зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Самал Катрановна Садыкова Семей телеарнасында,"Заң және қоғам" бағдарламасына қатысып, зейнетақымен қамтамасыз ету тақырыбында сұхбат берді.

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Самал Катрановна Садыкова Семей телеарнасында,"Заң және қоғам" бағдарламасына қатысып, зейнетақымен қамтамасыз ету тақырыбында сұхбат берді.
Толық шығарылымы
https://www.youtube.com/watch?v=UqHKhPCXTO0

20 октября 2026
Мемлекеттің бақылауында

20 қазан 2026 ж. №83 (2238) шыққан Семей қаласының «Вести Семей» газетінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы А.А. Ерембаеваның "Мемлекеттің бақылауында" атты мақаласы жарияланды.

Медициналық-әлеуметтік сараптама
20 октября 2026
Бауыр циррозы кезіндегі медициналық әлеуметтік сараптама
16 октября 2026
Әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау: Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді

Әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау: Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемнің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы кешенді бағаланады. Жаңа тәсілдің мәні мен өзгерістері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді.

Бұған дейін бірқатар жәрдемақы адамның белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалса, енді заңда белгіленген төлемдер бойынша отбасының жалпы әл-ауқаты да ескеріледі. Бұл ретте отбасының әлеуметтік жағдайы объективті көрсеткіштер негізінде бағаланады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, А және В санаттарына жатқызылған отбасыларға жәрдемақының жекелеген түрлерін тағайындау шарттары қайта қаралады. Ал С, D және Е санаттарындағы отбасылар заңнамада көзделген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік қолдау алу құқығын толық сақтайды.

Сонымен қатар өзгерістер әлеуметтік көмектің барлық түріне бірдей қатысты емес. Бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 22-сі бұрынғы тәртіппен тағайындала береді. Оларды алу кезінде отбасының жалпы материалдық жағдайы мен әлеуметтік әл-ауқаты ескерілмейді.

16 октября 2026
Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады

Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады

Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі негізгі бағытты кешенді бағалауды көздейді. Олар – материалдық жағдайы мен жалпы әлеуметтік тұрақтылығы.

Материалдық әл-ауқатты бағалау алты сала бойынша 59 көрсеткішті қамтиды. Атап айтқанда, азаматтардың қаржылық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, кәсіпкерлік қызметі, ауыл шаруашылығы активтері, сондай-ақ қолданыстағы кредиттік міндеттемелері ескеріледі.

Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тікелей алынады. Осы деректердің жиынтығы негізінде еліміздегі барлық үй шаруашылықтары А-дан Е-ге дейінгі бес санатқа бөлінеді. Бұл санаттар тек заңнамада мұқтаждық өлшемшарты белгіленген төлемдерді тағайындау кезінде ғана ескеріледі.

16 октября 2026
Отбасын қолдау – әлеуметтік өзгерістердің өзегі

Отбасын қолдау – әлеуметтік өзгерістердің өзегі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууға және оның күтіміне байланысты берілетін жекелеген бюджеттік жәрдемақыларды тағайындау шарттары отбасының сол кездегі әл-ауқат санатына қарай айқындалады. Бұл ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен берілетін жәрдемақылардың құқықтық негіздері әртүрлі екенін ескеру қажет.

Атап айтқанда, бала тууына байланысты берілетін біржолғы бюджет жәрдемақысы C, D және E санатындағы отбасыларға тағайындалады. Ал жұмыс істемейтін аналарға баласы бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты бюджет жәрдемақысы мұқтаждық өлшемшартына сәйкес беріледі. А және В санатындағы, яғни әл-ауқаты жоғары отбасыларға аталған бюджеттік төлемдер заңнамада көзделмеген.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы төленетін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем отбасының әл-ауқат санатына қарамастан, заңда белгіленген талаптар сақталып, төлем алуға құқығы болған жағдайда толық көлемде төленеді. Ұсынылған материалдарға сәйкес, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кемінде екі жыл қатысқаны расталған әйелдерге МӘСҚ-дан төленетін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем де отбасының санатына қарамастан толық көлемде беріледі.

16 октября 2026
Мемлекет көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауды күшейтеді

Мемлекет көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауды күшейтеді

Қазақстанда шамамен 4,8 миллион үй шаруашылығы C, D және E санаттарына жатады. Жаңа қажеттілікті бағалау тәртібіне көшкен кезде бұл отбасылардың тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды алуға заңмен бекітілген құқығы толық сақталады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде ресми түрде мәлімделді.

Атап айтқанда, жағдайы саламаттылық деңгейі қанағаттанарлық C санатына шамамен 3,2 миллион отбасы кіреді. Экономикалық тұрғыдан осал D санатында 1,4 миллионға жуық үй шаруашылығы бар. Ал экономикалық және әлеуметтік жағынан осал E санатына 128 мың отбасы жатады.

Мұндай отбасылар жұмыс табу, баспана мәселесін шешу және жақындарын өз күшімен қамтамасыз ету кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Әр жәрдемақыны тағайындау үшін заңда белгіленген талаптар бұрынғыдай сақталады. C, D немесе E санатына жататын отбасылар кез келген жәрдемақыны автоматты түрде ала алмайды. Әр жәрдемақы заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады. Бірақ бұл санаттағы отбасыларға әл-ауқаты жоғары деген себеппен көмек беруден негізсіз бас тартылмайды.

16 октября 2026
Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралады

Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралады

Отбасының цифрлық картасында белгіленген әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты болып қалмайды. Еңбек министрлігінің брифингте түсіндіргеніндей, жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді үнемі жаңартып отырады. Сонымен қатар әр ай сайын отбасының құрамы мен жалпы саламаттылық деңгейі қайта қаралады.

Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмысынан айырылса немесе отбасының материалдық жағдайы айтарлықтай өзгерсе, бұл оның әл-ауқатын бағалауға әсер етеді. Егер отбасы мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар санатқа ауысса, тиісті көмек заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады немесе қайта беріледі.

Алайда отбасының санаты өзгерді екен деп, ақша бірден автоматты түрде аударыла салмайды. Алдымен жәрдемақы алуға қажетті басқа да талаптар тексеріледі. Сондықтан азаматтар үшін жеке мәліметтерін уақытында жаңартып отыру және қате ақпарат болса, оны түзету мүмкіндігінің болуы өте маңызды.

16 октября 2026
Кешенді тәсіл: отбасының мұқтаждығын бағалау кезінде не ескеріледі?

Кешенді тәсіл: отбасының мұқтаждығын бағалау кезінде не ескеріледі?

Отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде мемлекет оның материалдық мүмкіндігімен қатар, әлеуметтік тұрақтылығын да ескереді. Бұл көрсеткіш отбасының нақты құрамын, оның барлық мүшелерінің жасын, кәмелетке толмаған балаларының, қарт адамдардың және мүгедектігі бар азаматтардың бар-жоғын ескере отырып, отбасының шынайы жағдайын дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Осы тәсілдің нәтижесінде мүліктік жағдайы шамалас, сырттай ұқсас екі отбасының қорытынды бағасы әртүрлі болуы мүмкін. Өйткені отбасы мүшелерін асырауға және оларға күтім жасауға байланысты қосымша жүктеме бекітілген әдістемеде арнайы ескеріледі.

Сонымен қатар бір ғана көрсеткіш – мысалы, пәтердің немесе автокөліктің меншікте болуы – отбасының қорытынды санатын өздігінен айқындамайды.

Отбасының жағдайын кешенді бағалау мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде Отбасының цифрлық картасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Бұл әдістеме мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерін отбасының нақты жағдайына қарай саралап көрсету үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
15 октября 2026
Қазақстан Республикасында жасы бойынша зейнетақы тағайындау тәртібі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы