
«Әлеуметтік қызметтер саласында 2023 жылға арналған қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық - түсіндірме жұмыстары туралы кестеге сәйкес» Абай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитеті Департаменті РММ 2023 жылғы 11 қаңтарда онлайн форматта Жарма ауданының халқымен кездесу өткізді.
Абай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Департаменті Комитетінің зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі №1 және № 2 бөлім басшылары А. М. Михаилова және А. Ж. Манабаева 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақымен қамтамасыз ету заңдылықтарына енгізіліп жатқан жаңалықтар мен әлеуметтік жәрдемақы туралы түсіндірді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.