17 мемлекеттік қызметтің 16-сы департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен көрсетіледі. Департамент күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша электрондық істерді қарайды. Бюджеттік субсидиялар, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендер үшін біржолғы өтемақы, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы төлемдер тағайындап, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге жаңадан ұсынылған құжаттар бойынша қайта есептеулер жүргізеді.
2026 жылдың бірінші тоқсанында 17 553 электрондық іс үлгілері қаралды.
Олардың ішінде:
Жаңа тағайындаулар – 10 284, қайта қаралған істер саны – 6 792, бас тартулар – 477
(471 – мемлекеттік кепілдік, 6 – зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары)
- жасы бойынша зейнетақы төлемдері – 1590 іс;
- базалық зейнетақы төлемдері – 1 744 іс;
- мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 292 іс;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – 134 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар – 208 іс;
- баланы туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы – 1824;
- мүгедек балаларға бала күтімі бойынша жәрдемақы – 111;
- бірінші топтағы мүгедекті күту бойынша жәрдемақы – 114;
- көп балалы аналарға жәрдемақы – 60;
- көп балалы отбасыларға жәрдемақы – 290;
- жерлеуге жәрдемақы – 1022 іс;
- мемлекеттік кепілдіктер – 1 777 іс;
- бюджеттік субсидиялар – 1042 іс;
-СЯСП зардап шеккендерге біржолғы төлем-15 іс;
- арнаулы әлеуметтік төлем (ӘӘТ) – 56 іс;
-саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы төлем – 5 іс
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 1548 қызмет, проактивті қызмет арқылы – 1500, ЭҮП арқылы – 48 қызмет көрсетілді.
Мемлекет кепілдіктерінен бас тартудың негізгі себептері инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ және МКЗЖ сомаларының БЖЗҚ-дағы азаматтардың жеке зейнетақы шоттарында МЗЖ және МКЗЖ арқылы қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомадан асуы болып табылады.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде архивтерге сұраулар жіберу арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізеді.