Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) лицензиялау енгізілді.
2026 жылдың наурыз айында облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алуға 2 өтінім қаралды (барлығы 48 көрсетілетін қызмет алушы), оның ішінде 1 КММ және 1 ҮЕҰ.
АӘК көрсету бойынша берілген лицензиялар:
- Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру-1 ұйым (30 адам);
- Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру-1 ұйым (18 адам).