Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы
ЖАДЫНАМА
Осы жадынама Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің және аумақтық бөлімшелердің қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың ұғымдарын, сыбайлас жемқорлық көрініс пайда болған кездегі әрекет ету тәртібін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге көмектескені үшін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында әзірленген.
Жадынама бірінші кезекте бәріне бағытталған, кімдер:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметіне одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы бойынша мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленіп, осы жөнінде тікелей міндет жүктелді.
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ресми талқылауына сәйкес сыбайлас жемқорлық былай мазмұндалады:
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден параны қорқытып алса!
Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты үш қылмыс түрі қарастырылған:
- пара алу (366-бап);
- пара беру (367-бап);
- парақорлыққа делдал болу (368-бап).
Егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші) болады.
Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.
Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.
Парақорлыққа делдал болу – яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізу немесе оны іске асыруға ықпал ету.
ПАРА БОЛУЫ МҮМКІН:
Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, құнды металлдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер,азық-түліктер, бейнетехника және басқа да заттар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүліктер.
Қызмет көрсету және пайда – ем қабылдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және туристік жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегін немесе кемітілген бағамен беру.
Жасырын (бүркемеленген) пара түрі – банктік көмек несиесін қарызға алу немесе жоқ несиені өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңіл несие алу, дәріс беру, мақалалар және кітаптар үшін қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңілдету, несие мөлшерінің пайызын көбейту және т.с.с.
Өздігінен пара алуды жүзеге асыру түрлері ол қызметі бойынша жалпы қамқорлыққа және қылмысқа жол беру.
Жалпы қамқорлық және қылмысқа жол беру мемлекеттік қызметке үйлеспейтін әрекет, яғни азаматтардың өзінің қабілеттілігі және кәсіби даярлығы бойынша мемлекеттік қызметке түсуге және мемлекеттік қызметте жоғарлауына құқылы.
Жалпы қамқорлыққа жөнсіз марапаттау, негізсіз кезексіз лауазымын жоғарлату, қажет етпейтін басқа да іс әрекеттеріне байланысты көтермелеулер жатады.
Қылмысқа жол беруге, мысалы, лауазымды адамның тиісті шаралар қабылдамауы немесе пара алушының немесе оның қарамағындағы адамдардың қызметіне, оның заңсыз әрекеттеріне шаралар қабылдамауы жатады.
Жалпы қамқорлығы және қылмысқа жол беруі бойынша пара алу келесі жағдайда болады:
1) пара алушыда пара берушінің пайдасына жасаған немесе жасамаған әрекет (әрекетсіздік) мүмкіндігі сақталады;
2) бұл мүмкіндік бақылаудың жоқтығынан немесе сол адамдардың арасындағы бағыныстылықтан пайда болады;
3) екі адамда берілетін сыйды түсінуі қажет (сый түріндегі пара лауазымды адамның мінез-құлқына сәйкес беріледі).
ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ КІМ ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН?
Пара алушыға мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдары (әрі қарай – лауазымды адамдар) жатады.
Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам.
ПАРА ҮШІН ЖАЗА
Пара алу (366-бап):
Лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушiлiгi үшiн өзiне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы - мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу - мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 60 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Параның айтарлықтай мөлшері болып 50-ден 3000 АЕК дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немес мүлікті сипаттағы пайданың құны табылады.
Егер осы әрекеттер, қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалса, – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 70 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Параның iрi мөлшері болып 3000-нан асатын 10 000 АЕК дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны табылады.
Егер осы әрекеттерді, қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса - мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 80 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Параның аса iрi мөлшері болып 10 000 АЕК асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны табылады.
Егер сыйлықтың құны 2 АЕК аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртiппен қудаланады.
Пара беру (367-бап):
Лауазымды адамның жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 20 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер ол әрекеттер адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалса, – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 40 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы әрекеттер аса iрi мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Лауазымды адам бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сомасы немесе құны 2 АЕК аспайтын сыйлықты бiрiншi рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергенi туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттiк органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Парақорлыққа делдал болу (368-бап):
Парақорлыққа делдал болу – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 10 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бiрнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол iс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның 20 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не 6 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыс болып саналады және 3 жылдан 7 жылға дейін дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады (419-бап).
Пара тікелей берілуі мүмкін («егер мәселе біздің пайдаға шешілетін болса, онда ..... аласыз»), сондай-ақ жанама болуы мүмкін.
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, ақшалай аударымдарды (Kaspi Bank, Halyk Bank және т.б.), жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса (ҚР ӘҚБтК 677-бап), – 600 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ПАРА ҰСЫНУДЫҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ
Пара алуы мүмкін туралы әңгіме астарлы сипатта болады, пара беруші туралы сөз бір жақты пікір, ашық айтып көрсетілмейтін арыз, даулы мәселелерді дұрыс шешу кезінде ол оған ақша береді немесе қандайда бір қызмет көрсетеді, ешқандай «қауіпті» мәнерге жол бермейді.
Әңгімелесу барысында куәгерлер немесе аудио, бейнетехникалар болған жағдайда пара беруші бұл мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екендігін қолмен немесе ымдау арқылы жеткізеді.
Параның соммасын немесе сипатын дыбыстай алмағанда, қағаз бетіне сәйкес цифрларды жазу арқылы немесе калькуляторға немесе компьютерге цифрлар санын теру арқылы ықтимал пара алушыға көрсету.
Пара алушы кенеттен әңгімесін үзіп мағлұматтар салынған папканы, конвертті, портфелды, оралған затты қалдырып сыпайы түрде бөлмеден (жайдан) шығып кетуі.
Пара беруші өзіне тікелей байланысты емес мәселелерді дұрыс шешу үшін басқа адамның ұсынысына жүгінуі мүмкін.
ПАРА ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ
ЖАҒДАЙЫ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ
- өзін өте мұқият ұстау, сыпайы, жағымпазданбай, аңғырт пікірлерге жол бермей, пара беруші (параны қорқытып алушы) оны пара алуға дайын екендігі туралы ұғынбауға жол бермеу немесе пара алудан (беруден) үзілді-кесілді бас тарту;
- Сізге айтылған ұсыныстарды зейін салып тыңдап, айнытпай есте сақтауға (сомма мөлшері, тауардың атауы және қызмет түрі, мерзімі және параны беру тәсілі, комерциялық сатып алу түрі, мәселені жүйелі шешу);
- пара беру уақытын және орны туралы мәселелерді келесі әңгімеге дейін қалдыруға тырысу және келесі кездесуге Сізге жақсы таныс жерді ұсыныңыз;
- әңгімелесу кезінде бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбінесе «тыңдаңыз», ықтимал пара алушыны (пара берушіні) «сөйлетіңіз», Сізге көп мағлұматтарды айтқызуға тырысыңыз;
- егер Сізде жазу құралы диктафон болған жағдайда пара ұсыну немесе оны қорқытып алу жағдайын (білдіртпей) жазып алыңыз.
ПАРАНЫ ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ
ФАКТІСІ БОЛҒАННАН КЕЙІН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНУЫ ҚАЖЕТ?
Аталған факті туралы жоғары тұрған басшыға не мемлекеттік органның басшылығына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарлаңыз.
Жергілікті билік органдары өкілдері (әкімшілік аппараты), құқық қорғау және арнайы орган және мемлекеттік мекемелер тарапынан пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайларында, Сіз тікелей құқық қорғау қызметкерлеріне, немесе мемлекеттік мекемелердің немесе осы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі қызметтік қауіпсіздік бөлімшелеріне олардың қызметкерлеріне қатысты арыздану.
Құқық қорғау органдары басшыларына қабылдауына жазылып, онда Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу жөнінде арыздануыңызға болады.
Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу фактісі жөнінде арызданып, онда нақты көрсетуге тиіссіз:
қай лауазымды адам (мекеменің атауын, лауазымын, аты жөнін, әкесінің аты жөнін тегін) Сізге пара ұсынғанын немесе қорқытып алғанын көрсетуге;
ұсынылған параның соммасын немесе қорқытып алу сипатын көрсетуге;
нақты қандай әрекетке (әрекетсіздікке) Сізден пара ұсынуы немесе қорқытып алуы туралы көрсетуге;
қай уақытта, қай жерде және қандай түрде тікелей пара беру болатыны жөнінде көрсетуге;
одан әры-қарай құқық қорғау органының нұсқауына сәйкес әрекет етуге;
белгіленген тәртіппен жолдауға.
БҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ!
Қылмыстың жасалған орнына және уақытына қарамастан қылмыс туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.
Құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдерінде Сіздерді мұқият тыңдап ауызша немесе жазбаша түрде хабарлама алуға міндетті. Алайда Сіз хабарламаны қабылдаған қызметкердік тегіне, лауазымына және қызмет телефонына көңіл бөлуіңіз қажет.
Сіз өзіңіздің арызыңызды құқық қорғау органдарында тіркелгені туралы белгімен немесе талон-хабарламаның көшірмесін алуға құқылысыз, онда құқық қорғау органының мекенжайы, байланыс телефоны, хабарламаны қабылдаған қызметкер, оның қолы және қабылдаған күні туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сізден қабылданған хабарлама (арыз) құқық қорғау органдарында шұғыл түрде тіркеледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуальдық шаралар қолдау үшін жоғары тұрған басшылыққа баяндалады.
Құқық қорғау органынан Сіздің арызыңыз кімнің қарауына берілгені, қабылданып жатқан шаралар туралы және Сіздің құқықғыңыз бен мүддеңізге қатысты мәселелер бойынша толық ақпарат алу үшін құрылымдық бөлім басшылығының қабылдауына кіруді талап ету құқығыңыз бар.
Егер Сізден пара беру хабарламасын (арызын) алудан бас тартса бұл заңсыз әрекетті жоғары тұрған органға шағым түсіруге, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеті туралы жоғары тұрған органға шағымдануға, құқық қорғау органының және күштік құрылымдардың әрекеттеріне прокурорлық қадағалау жүргзіуге шағымдануға құқылысыз.
Call-center: 14-24.