2025 жылғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылдың атқарған жұмысы туралы хабарлайды:

         сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында және азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына жедел ден қою мақсатында Департаменттің интернет-ресурсында сенім телефоны орналастырылған.

         Мемлекеттік қызметшілерді қабылдау кестесі бекітілген.

        Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында шаралар жүргізу жоспары жасалған. 

       21.05.25 жылы Департаментте , Абай облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылау бөлімінің басшысы С.Наримановпен кездесу өткізілді. Кездесуде алдын алу мақсаттары, мемлекеттік қызметкерлердің шектеулерді сақтауы,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық түсіндірмелер берілді.

            29.08.2025 ж. мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу , интернет алаяқтардан сақтану шаралары туралы Whatsаpp мессенджері арқылы түсіндірмелер жіберіліп таныстырылды.

       26.09.2025 ж. ұжыммен мемлекеттік қызметшінің әдебі, жұмыс уақытының режимін сақтау, азаматтардың өтініштеріне ден қою мақсатында өтініштерді мұқият қарау, әкімшілік құқық бұзу фактілерін болдырмау, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс шара жүргізілді..

          Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына тұрақты мониторинг жүргізеді, есепті кезеңде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына қайшы келетін материалдар табылмады.

           Үлгілік жоспардың 3.1 тармағын орындау мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында есептік кезеңде 3 мемлекеттік қызметші жол ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған.  Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар төленген.

             Сондай-ақ семинарлар барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әрбір мемлекеттік қызметшімен жеке әңгімелесу жүргізіледі.

             Есепті кезеңде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен 41 азаматты жеке қабылдау  жүргізді.

             Есепті кезеңде заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша  өтініш келіп түскен жоқ.

             Есептік кезеңде ұжымдағы қарым қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша ұжымдағы қарым қатынас деңгейі жақсы.

             Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

Дата публикации
12 октября 2026