17 мемлекеттік қызметтің 16-сы департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен көрсетіледі. Департамент күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша электрондық істерді қарайды. Бюджеттік субсидиялар, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендер үшін біржолғы өтемақы, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы төлемдер тағайындап, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге жаңадан ұсынылған құжаттар бойынша қайта есептеулер жүргізеді.
2026 жылдың 9 айында 57 650электрондық іс үлгілері қаралды.
Олардың ішінде:
Жаңа тағайындаулар – 29 989, қайта қаралған істер саны – 26 701, бас тартулар – 957
(901 – мемлекеттік кепілдік, 59 – зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары)
- жасы бойынша зейнетақы төлемдері – 10 061 іс;
- базалық зейнетақы төлемдері – 9 155іс;
- мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 4 455 іс;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – 4 018 іс;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар – 2 133 іс;
- баланы туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы – 5 790
- мүгедек балаларға бала күтімі бойынша жәрдемақы – 1 082
- бірінші топтағы мүгедекті күту бойынша жәрдемақы – 792
- көп балалы аналарға жәрдемақы – 416
- көп балалы отбасыларға жәрдемақы – 7 488
- жерлеуге жәрдемақы – 3 178 іс;
- мемлекеттік кепілдіктер – 5 103іс;
- бюджеттік субсидиялар – 3 698 іс;
-СЯСП зардап шеккендерге біржолғы төлем-72 іс;
- арнаулы әлеуметтік төлем (ӘӘТ) – 203 іс;
-саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы төлем – 6 іс
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 9 292 қызмет, проактивті қызмет арқылы – 9 099, ЭҮП арқылы – 193 қызмет көрсетілді.
Мемлекет кепілдіктерінен бас тартудың негізгі себептері инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ және МКЗЖ сомаларының БЖЗҚ-дағы азаматтардың жеке зейнетақы шоттарында МЗЖ және МКЗЖ арқылы қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомадан асуы болып табылады.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде архивтерге сұраулар жіберу арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізеді.