2025 жылғы 3-тоқсандағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы хабарлайды:
сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында және азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына жедел ден қою мақсатында Департаменттің интернет-ресурсында сенім телефоны орналастырылған.
Мемлекеттік қызметшілерді қабылдау кестесі бекітілген.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында шаралар жүргізу жоспары жасалған.
29.08.2025 ж. мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу , интернет алаяқтардан сақтану шаралары туралы Whatsаpp мессенджері арқылы түсіндірмелер жіберіліп таныстырылды.
26.09.2025 ж. ұжыммен мемлекеттік қызметшінің әдебі, жұмыс уақытының режимін сақтау, азаматтардың өтініштеріне ден қою мақсатында өтініштерді мұқият қарау, әкімшілік құқық бұзу фактілерін болдырмау, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс шара жүргізілді..
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына тұрақты мониторинг жүргізеді, есепті кезеңде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына қайшы келетін материалдар табылмады.
Үлгілік жоспардың 3.1 тармағын орындау мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында есептік кезеңде 3 мемлекеттік қызметші жол ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар төленген.
Сондай-ақ семинарлар барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әрбір мемлекеттік қызметшімен жеке әңгімелесу жүргізіледі.
Есепті кезеңде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен 41 азаматты жеке қабылдау жүргізді.
Есепті кезеңде заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініш келіп түскен жоқ.
Есептік кезеңде ұжымдағы қарым қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша ұжымдағы қарым қатынас деңгейі жақсы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасады.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тиісінше орындауын бақылау мақсатында Департамент ғимаратындағы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің кабинеттерінде, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің кабинеттерінде ,мұрағатта бейнебақылау камералары орнатылған.
Департаментте арыздар мен шағымдар үшін 1424 колл орталығының нөмірі көрсетілген жәшіктер орналастырылған. Күту залында арнайы теледидар орнатылған, теледидар арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау бойынша және сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілік туралы бейнероликтер күнделікті көрсетіледі.