2025 жылғы 2-тоқсандағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

2025 жылғы 2-тоқсандағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы хабарлайды:

сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында және азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына жедел ден қою мақсатында Департаменттің интернет-ресурсында сенім телефоны орналастырылған.

Мемлекеттік қызметшілерді қабылдау кестесі бекітілген.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында шаралар жүргізу жоспары жасалған. 

06.05.2025 ж. мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу , интернет алаяқтардан сақтану шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

21.05.2025 ж. Әдеп жөніндегі уәкілдің үлгілік жоспарының 2.4 тармағын орындау мақсатында Мемлкеттік қызмет істер агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы С.Нариманов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Абай облысы бойыншга депратмаентінің превенгция басқармасының бас маманы Б. Дүйсенованың қатысуымен ұжыммен мемлекеттік қызметшінің әдебі, жұмыс уақытының режимін сақтау, лудоманияның алдын алу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс шара жүргізілді..

           03.06.2025 ж. Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілермен діни көзқарас, мемлекеттік қызметшілер өзара қарым қатынаста әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуі туралы түсіндірме жүргізілді. Діни мақсаттағы заттарды пайдалану оны тарату және дінді насихаттау бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен  және «Қазастан Республикасының Қылмыстық Кодексімен» қарастырылған айыппұлдар туралы ескертілді.

12.06.2025 ж. Әдеп жөнінде уәкілмен 11.06.2025 ж. Т. Оспанқұловтың төрағалығымен әлеуметтік саладағы жемқорлық тәуекелдері тақырыбында өткізілген кеңес хаттамысн орындау мақсатында ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс шара өткізілді.

Үгілік жоспардың 2.2 тармағына сәйкес 2025 жылдың мамыр айында мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайына зерделеу жүргізілді, департаментте ондай мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ.

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына тұрақты мониторинг жүргізеді, есепті кезеңде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына қайшы келетін материалдар табылмады.

Үлгілік жоспардың 3.1 тармағын орындау мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында есептік кезеңде 2 мемлекеттік қызметші жол ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған.  Оның ішінде 1 мемлекеттік қызметшімен әкімшілік құқық бұзушылық мемлкеттік қызметке қабылданбай тұрған кезде жасалған. Аталған мемлкеттік қызметшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар төленген.

Сондай-ақ семинарлар барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әрбір мемлекеттік қызметшімен жеке әңгімелесу жүргізіледі.

Есепті кезеңде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен 54 азаматты жеке қабылдау  жүргізді.

Есепті кезеңде заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша  өтініш келіп түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тиісінше орындауын бақылау мақсатында Департамент ғимаратындағы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің кабинеттерінде, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің кабинеттерінде ,мұрағатта бейнебақылау камералары орнатылған.

Департаментте арыздар мен шағымдар үшін 1424 колл орталығының нөмірі көрсетілген жәшіктер орналастырылған. Күту залында арнайы теледидар орнатылған, теледидар арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау бойынша және сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілік туралы бейнероликтер күнделікті көрсетіледі.

 

Дата публикации
09 октября 2026